Ссылки доступа

Қазақстан жойқын қарусыз ел атанған күн (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Махаббатқа толы күн. 14 ақпанда әлемнің көптеген елінде Әулия Валентина күні атап өтіледі. Бішкекте де соңғы жылдары бұл күн айтулы мерекеге айналды. (фотокөрме)

- Сегіз балалы отбасы мардымсыз жәрдемақы алады. (видео)

- "60 мың теңге айлық кімге жетеді?". Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жобасына қатысқан жастармен кездесіп, өзінің жұпыны балалық шағы мен саясатқа кездейсоқ келгенін айтты. (видео)

- Бір баланы бағуға қанша қаржы қажет? (видео)

- Қазақстан жойқын қарусыз ел атанған күн. (фотокөрме)

- Азия: Тәжікстан қар құрсауында қалды. Тәжікстанда қар көшкіні елдің оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын жолды жауып тастады. Бішкек маңындағы ауылда ана мен екі баласы үйде өртеніп кеткен. Советтік ауған сарбаздарының жантүршігерлік естеліктері. (видео Настоящее время)

- Қырғызстанда ана мен екі бала тірідей өртеніп кетті. (видео Настоящее время)​

- Самарқандағы қолөнершілер қауымдастығы ғимаратында өрт болды. (видео Өз)

- Суық мектеп рұқсат етілмеген пеш қолдануға мәжбүр. (видео)

- Аналар талабының орындалуына кепілдік бар ма? Көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайды жақсартуға қатысты талабы орындала ма? Мәжіліс депутаттарының пікірі (видео)

- Көмекке мұқтаж жандардың әлеуметтік картасын жасауды ұсынды. Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға көмектесетін арнайы жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының міндетін депутаттар талқылады. (видео)

- Бішкек "қауіпсіз қалаға" айналды. Енді көшеде қалай жүрген дұрыс? (видео Настоящее время)

- Билікке наразы көп балалы аналар. Астанадағы өрттен ажал құшқан бес баланың қазасынан кейін Қазақстанның бірнеше аймағындағы көп балалы аналар наразылығы күшейді. (видео)

- Сағынтаевтың сөгісі және Әбілқасымованың жауабы. Үкімет отырысында премьер-министр бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялап, біреуін қызметінен босатты. (видео)

- Азия 360: Қаракөл – қырғыз Швейцариясы. (видео Настоящее время)​

- МакКейб: Азаптаулар адам санасына сіңіп қалады. Қырғызстан жабық мекемелерд азаптауларды болдырмау үшін Солтүстік Ирландия тәжірибесін үйреніп жатыр. Оған профессор Паулин МакКейб көмектеседі. (видео Қырғызстан)

- Тәжік билігі баспанаға салықтың жаңа түрін енгізді. Пәтер одан сайын қымбаттайды. (видео Настоящее время)​

- "Қаһарлы аналар шеруі"​. Ресейде 10 ақпанда "Открытая Россия" қоғамдық қозғалысының белсендісі Анастасия Шевченконы қолдау акциясы өтті. Санкт-Петербургтегі шарада 150 шамалы адам жиналды. Шеруге шыққандарды бақылауға келген қауіпсіздік күштері саны одан әлдеқайда көп болған. (видео)

- "Бізге шырша, олимпиада қажет емес, жәрдемақы керек"​. Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Ақпанның 11-і күні Қарағандыда жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Ал Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері көп балалы аналарды қабылдауды бастады. (видео)

- Ақмол құс фабрикасында жұмыс дауы шықты​. Астанадан 30 шақырым жердегі құс фабрикасына таңертең жұмысқа келген 65 жұмысшыны кәсіпорын басшылығы кіргізбей қойған. (видео)

- Алтынбек Сәрсенбайұлының өмірі мен өлімі. 2006 жылы 11 ақпанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев жоғалып кетті. Ақпанның 13-інде үшеуінің өлі денесі Алматы облысы Талғар ауданының аумағынан табылды. (фотокөрме)

- Боза сусыны пайдалы ма? Қырғыз бозасының брендке айналғанына көп болды. Дәрігерлер оны анемиямен ауыратындарға ішуге кеңес береді. (видео)

- Фейсбукке 15 жыл, қолдан жасалған робот. Фейсбук пайда болған 15 жылда әлеуметтік желіде не өзгерді? (видео Настоящее время)​

- Қазақстан полициясы наразылық шарасына қатысып жатқан көп балалы аналарды ұстай бастады. (Видео Настоящее время)

- Қырғызстанда қалыңдықты алып қашуға арналған сериалға қарсылар көп.Қырғызстанның ұлттық телеканалында "Акшоола" сериалы көрсетіле бастады. Сюжет желісі бойынша, бас кейіпкерді алып қашып кетеді, осыдан кейін ол өзін алып қашқан жігітпен бірге тұрады. Сериалды түсірушілер қалыңдық ұрлау – "қырғыз халқының ежелгі дәстүрі", оның жақсы жақтары да бар дейді. Бірақ көрермендер онымен келіспейді. (видео Настоящее время)

​- БАҚ-тағы "негативті контентті азайту" саясаты. Заңгер не дейді? (видео)

- «Билік құпиясы». Айгүл Текебаева Алмазбек Атамбаев пен Омурбек Текебаевтың қарым-қатынасы жайлы. "Билік құпиясы" бағдарламасында "Ата Мекен" партиясы лидерінің әйелі Айгүл Текебаева күйеуі, саяси қызметі, балалары жайында баяндайды. (видео / Қырғызстан)​

- 21 ғасырдағы құлдық: АҚШ жезөкшелікпен қалай күресіп жатыр.(видео)

- Қыз баланы сүндеттеу: АҚШ онымен қалай күресіп жатыр. АҚШ-тың 28 штатында қыз баланы сүндетке отырғызған дәрігерлерді қылмыстық жазаға тартады. (видео)

- "Соғыстан шаршаған" ауған жастарының үміті мен күдігі​. (фотокөрме)

- Қайта тірілген "өмір сыйлаушы" өзен​. (фотокөрме)

- "Путиннің жауларын қарғыс атсын!"​ Мәскеуде "жалмауыздар" (ведьмы) жиын өткізіп, президент Владимир Путиннің "жолын ашты" және "жауларының санын азайтты". (видео)

- Билік көп балалы отбасылардың үйлерін тексерді​. Астанада өрттен бес сәби қаза болған қайғылы оқиғадан соң аймақтарда төтенше жағдай мамандары көп балалы отбасылар тұрып жатқан үйлерді тексере бастады. (видео)

- Аналардың талабы қандай? AzattyqLIVE хабарында көп балалы аналардың Астана мен Алматы әкімдігіне жолдаған талабы талқыланды. Хабарға көп балалы аналар мәселесін көтеріп жүрген журналист Сәуле Әбілдаханқызы мен көп балалы ана Ақмарал Басирова қатысты.​ (видео)

- Галышеваның алтыны мен Тұрсынбаеваның күмісі. (фотокөрме)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG