Ссылки доступа

Тәжікстан қар құрсауында қалды, жүздеген көлік жолда тұр (видео)


Главная дорога Таджикистана завалена снегом, страну разрезало пополам
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Тәжікстанның солтүстік аймағы Соғды облысын орталықпен байланыстыратын жалғыз тас жол қар құрсауында қалды.

Жолдың бойында жүздеген жүк көлігі, қалааралық жолаушылар көлігі тұрып қалған. Біразы кері қайтып жатса, енді бірі жолды қардан тазалайды деген үмітпен күтіп тұр.

"Көліктердің жанар майы таусылып жатыр: біз үнемі жылынып тұрамыз. Бір-екі сағаттан кейін жолды ашады деп уәде беріп жатыр. Сол үшін кері қайтпай күтіп тұрмыз", – дейді жүргізушінің бірі.

"Біз студенттерміз, Кулябтан Худжандқа кетіп барамыз. Бүгін кешкісін Ресейге ұшаққа отыруымыз керек. Сабақ басталды. Бірақ ұшақтан кешігетін сияқтымыз", – дейді бірнеше жастар.

Өңірде үздіксіз қар көшкінінен тазаланған жолдар қайта жабылып қалып жатыр. Құтқарушылар жағдайдың қиындалып бара жатқанын айтып, адамдарға жолға шықпауға кеңес береді.

"Біз халыққа жергілікті және халықаралық БАҚ арқылы 13-14 ақпанда ауа райының күрт нашарланатынын бірнеше рет жеткіздік. Өкінішке қарай, көбі құлақ аса бермейді", - дейді төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Умеда Юсупова.

XS
SM
MD
LG