Ссылки доступа

Түркіменстанда жұмыс іздеушілер саны артқан


Ашхабадта балабақша, мектеп, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер алдында жұмыс іздеп жүрген адамдар саны көбейген. Сонымен бірге тұрғын үйлердің кіреберістерінде жұмыс іздейтін хабарландыруларды көруге болады. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) хабарлайды.

Осыған дейін үкіметте білім беру және мәдениет саласындағы жұмыс орындарын 15 пайызға қысқарту бұйрығын шығарған. Бір күн бұрын ел басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов бірнеше министрлікті біріктіріп, бір топ мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғам ретінде өзгерту туралы шешім шығарған.

«Қалада барлық балабақша алдында таңғы 7-9 шамасында жиналған ондаған адамды көруге болады. Ата-аналар балаларын бақшаға алып келіп, қайта үйлеріне жеткізіп беру қызметін ұсынып жатады»,- деп хабарлайды Азатлык тілшісі.

Соңғы кездері жұмыс іздеушілер қатарына ғылым кандидаттары да қосылған. «Олар мектептерде сабақ беруге дайын екенін жеткізген. Бұл туралы мектеп директорлары айтып жүр»,- дейді тілші.

Сонымен бірге мектептер мен тұрғын үйлердің кіреберісінде химия, биология, астрономия, физика секілді бірқатар пәндер бойынша жеке сабақтар өткізетіні туралы хабарландырулар саны көбейіп жатыр.

XS
SM
MD
LG