Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: Арнайы жасақ колониядағы бүлікті басу үшін кірген


Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода

Былтыр қараша айында Худжандтағы №3/3 абақтыдағы бүлік кезінде сотталушылар жеті қызметкерді кепілге алып, оларды өлтіреміз деп қорқытқан. Бұл жөнінде Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода мәлімдеді.

Сотталушылар қойған ультиматумнан кейін арнайы әскери жасақты абақтыға кіргізу туралы шешім қабылданған. «Арнайы қызметтің әскері кепілге алынған жеті адамның бесеуін босатқан, екеуі бүлікшілер өлтірген», - дейді Тәжікстанның ішкі істер министрі.

Өткен айда бас прокуратура өкілі Илхом Назиров егер арнайы жасақ түрмеге кірмегенде, құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін еді деген.

«Терроризм мен экстремизм үшін сотталған бүлікшілер сотталушыларға келген туыстарын да кепілге алуы мүмкін еді. Ол кезде құрбандар саны артуы мүмкін еді», - деген Назиров.

Ресми мәлімет бойынша, бүлік шығарған 21 адам өлтірілген. Бүлік кезінде түрменің екі қызметкері қаза болған, бесеуі ауыр жараланған.

Бас прокуратура өкілі БАҚ түрмеде қаза болғандар саны туралы дұрыс емес ақпарат таратып жатыр дейді. Оның айтуынша, 50-60 адам емес, 21 адам қаза болған.

Худжанд түрмесіндегі бүлікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG