Ссылки доступа

Тәжікстан Өзбекстанға сататын электр энергиясының бағасын көтермек


Тәжікстан Өзбекстанға сататын электр энергиясының бағасын көктем-жаз мезгілінде көтергісі келеді. Бұл жөнінде Тәжікстанның «Барки точик» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап, жергілікті басылымдар хабарлайды.

Белгілі болғандай, қазір екі мемлекет арасында осы мәселеге байланысты келіссөздер жүріп жатыр.

«Барки точик» басшысының орынбасары Мадумар Асозода тәжік тарабы биыл өзінің электр энергиясын жоғары тарифпен ұсынғысы келетінін айтады.

Былтыр Өзбекстан әрбір киловатт электроэнергия үшін 2 центтен төлеген. Биыл Тәжікстан Өзбекстанға сағатына 1,6 млрд киловатт электр энергия жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 млн киловаттқа көп.

Өзбекстан 2009 жылы Орталық Азияның бірлескен энергиялық жүйесінен шыққаннан кейін Тәжікстаннан энергия алуды тоқтатқан. Тек былтыр сәуір айынан бастап келіссөзді қайта жаңартты.

XS
SM
MD
LG