Азатлык тілшісінің хабарлауынша, 23 қаңтарда басталған медициналық комиссия жұмысы сәуірге дейін созылады. Атап айтқанда, Лебап облысында денсаулығы жарамайтын көптеген азамат әскери қызмет атқаруға рұқсат алған.
"Біз оларды қабылдауымыз керек. Бізді солай жасауға мәжбүрлейді, өйткені әскер қатарында сарбаз жетіспейді", - деді Лебап облысы әскери комиссариатының бір қызметкері.
Азаттык тілшісі жүрегі ауыратын және көзі нашар көретін азаматтардың әскерге жарамды деп танылғанының куәсі болды.
"Басы, қол-аяғы орнын болса болды, әскерге алып кетеді. Әскери комиссариаттар президент алдында есеп береді", - деп хабарлады тілші.
Түркіменстанда қарулы күштер құрамына шақырту жылдың мамыр және қараша айларында жүргізіледі. Әскери қызмет екі жылға созылады.