Ссылки доступа

Whatsapp'қа салық. Тәжік салықшылары бюджетті толтырудың жаңа әдісін ұсынды


Нусратулло Давлатзода
Нусратулло Давлатзода

Тәжікстаның салық комитеті мессенджерлерге салық салы туралы ұсынысын жақында үкіметке ұсынады. Бұл туралы мекеме басшысы Нусратулло Давлатзода журналистерге хабарлады.

Салық комитеті дыбыспен хабар алмасуға ыңғайлы Whatsapp, Viber, Messenger желілеріне салық салуды ұсынып отыр.

Тәжік салықшылары тұрғындардың өзара сөйлесуге мессенджерлерді қолданатыны алаңдатып отыр. Көпшілік халық осылай сөйлесудің ыңғайлы әрі үнемді екенін біледі. Бұған қоса шетелмен сөйлесуге мессенджерлер қолайлы болып тұр. Соған байланысты халықаралық байланыстан түсетін табыс әлдеқайда азайған.

Мобильді компаниялар төлейтін салық көлемі өткен жылы 123 млн сомониге (шамамен 13 млн доллар) азайған.

Мессенджерлердің дыбыс трафигіне ақша алу тәжірибесі Грекияда, Испанияда, Францияда, Ресейде және көршілес Қырғызстанда бар деді салық комитетіні төрағасы Нусратулло Давлатзода.

Өткен айда Салық комитеті мобильді байланыс операторларынан абоненттің мессенджер арқылы сөйлескен әрбір минутын есептеуін тапсырған. Бірақ операторлар бұл мүмкін емес екендігін ескертті.

XS
SM
MD
LG