Ссылки доступа

Текебаев ісін қайта қарау туралы шағым Қырғызстанның Жоғарғы сотына түсті


"Ата Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев ісін Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа нұсқасы күшіне енуіне байланысты қайта қарау туралы өтініш Жоғарғы сота түсті. Бұл туралы "Әділет" құқықтық клиникасының жетекшісі Чолпон Жакупова хабарлады.

Оның айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа және ескі нұсқасында жазалау мерзімі әртүрлі болса, істі қайта қарау керек.

"Ата мекен" партиясының жетекшісі, парламенттің экс-спикері Өмірбек Текебаев пен оның партияласы Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы пара алған деген айыппен әрқайсысы сегіз жылға сотталды.

10 қаңтарда Қырғызстан президенті жанындағы рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссия экс-президент Роза Отунбаеваның саясаткер Текебаевқа рақымшылық жасау туралы ұсынысн қабылдамады.

XS
SM
MD
LG