Ссылки доступа

Путин қылмыстық топ жетекшілерін жазаламауды ұсынды


Бутырский следственный изолятор (иллюстративное фото)
Бутырский следственный изолятор (иллюстративное фото)

Ресей президенті өз еркімен заңсыз әрекеттерін доғарған қылмыстық топ жетекшілерін қылмыстық қудаламауды ұсынды.

Владимир Путин мұндай ұсынысты Мемлекеттік думаға жасады. Қылмыстық кодекске өзгертулер жобасы Дума сайтында жарияланды.

Бұнымен қоса Путин қылмыстық қауымдастыққа қатысқандарға жазаны қатайтуды сұрап отыр. Атап айтқанда, қылмыс әлемінде жоғарғы иерархияға ие беделділер 15 жылға, ал қылмыстық топ жетекшілері 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Заң жобасына түсініктемеде Ресейде ұйымдасқан қылмыстық топтар аза ауыр әрі қауіпті қылмыстар жасайтыны, ал олардың жетекшілері беделінің арқасында жауаптан құтылып кететіні жазылған.

Әлеуметтік желілерде президент ұсынысына қатысты түрлі әжуа пікірлер қаптап кетті.

XS
SM
MD
LG