Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «аталған медициналық мекеме кәсіпкерлерге және еріктілерге қайырымдылық шарасы ретінде қатысуға ашық». Президент түркімен халқы үй жануарларына әрқашан қамқормен, жауапкершілікпен қараған деп аталған мекемені мемлекеттің қамқорлығына алуды бұйырған.
Президенттің бұл ұсынысы Азаттықтың түркімен қызметінде (Азатлык) жергілікті биліктің қаңғыбас иттерді жаппай қырып жатқаны жөнінде бірнеше мақала жарық көргенімен тұспа-тұс келді. 13 ақпанда Бердімұхамедов клиника салу жөнінде бұйрық берер алдында, Азатлык Ашхабад шетіндегі қоқыс өңдейтін зауыт аумағындағы жануарларға арналған пананы түсірген.
Құпия түсірілген кадрлардан үй жануарларының жантүршігерлік жағдайда ұсталатынын, араларында ауру, ашыққан иттерді көруге болады.
Жануарларды қорғайтын белсенділердің айтуынша, 2018 жылдың 22 тамызында бұл пана жабылған.