Ссылки доступа

Қырғызстанда былтыр экстремистік пиғылдағы 36 веб-сайт жабылған


Қырғызстанда 2018 жылы экстремистік тұрғыда ақпарат таратты деген айыппен 36 веб-сайт жабылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның ІІМ хабарлайды.

Мекеменің мәліметі бойынша, былтыр жалпы экстремистік көзқараста ақпарат таратқан 70 сайт пен 21 аккаунтты анықтаған. Олардың ішінде 36 сайт сот шешімімен жабылған.

Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия ақпараты бойынша, 21 ұйым деструктивті, экстремистік және террористік ретінде танылған. Сот шешімі бойынша олардың қызметіне Қырғызстан аумағында ресми түрде тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG