Ссылки доступа

Мәскеуде өзбек мигранттарының қатысуымен болған төбелесте екі адам қаза тапқан (видео)


Өткен жексенбіге қараған түні Мәскеудің Волгоградск даңғылында суық қару қолданған жаппай төбелес болған. Нәтижесінде екі адам: 1989 жылы туған ер азамат жедел-жәрдем көлігінде, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Тергеу болжамы бойынша, төбелес тұрмыстық жағдайда көлік жуатын кешеннің жұмысшылары арасындағы кикілжіңнен туындаған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, төбелеске оншақты адам қатысқан, олардың бәрі Өзбекстан азаматтары болған. Жұмысшының бірі екінші адамның туған бауырына дөрекі сөйлеген.

Тергеу комитеті болған оқиғаның видеосын жариялаған:

Тағы бір жаппай төбелес Госпитальная көшесінде болған. Куәгерлер 30 адам қатысты деп хабарлайды. Mash​ телеграм-каналы 15 адамның ұсталғаны туралы мәлімет таратты.

Осының алдында Печатники ауданындағы "Неолит" кафесінде 50 адамның қатысуымен ұрыс болған. Оқиға болардан бір апта бұрын кафеге келуші шешен азаматы Әзербайжан азаматын балағаттаған. Әзербайжандық достарын көмекке шақырып, өзін ренжіткен адамды кешірім сұрауға мәжбүрлеп, видеосын интернетке жариялаған. Осыдан кейін шешен азаматы жерлестерінен көмек сұраған. Оның 25 досы келіп, кафеде төбелес ұйымдастырған. Олар "Неолит" кафесіне келушілерді травматикалық қарумен атып, кафе қожайынының көлігін сындырған. Төрт адам жараланып, он екісі ұсталған.

XS
SM
MD
LG