Ссылки доступа

Душанбеде Ауғанстанмен жалғайтын Пяндж көпірі ашылды


Тәжікстан бір жарым айдан кейін қыс мезгілінде Ауғанстанның елді-мекендеріне азық-түлік жеткізетін жалғыз көпір - Пянджды қайта ашты.

Хатлон облысының Шамсиддин Шохин ауылы мен Ауғанстанның Хохон уезін байланыстыратын жалғыз көпір жыл басында ауғанның есірткі саудасымен айналысушылар 42 жастағы шопан Турахон Нурматовты ұрлап әкеткеннен кейін жапқан.

Бүгінгі күні тәжік-ауған шекарасында азық-түлік тиелген 20 жүк көлігі тұрып қалған. 200 мың халқы бар Хохон, Куфоб және Шикай уезінде азық-түлік таусылып, аштық алдында тұрған.

Күз келісімен Ауғанстанның орталығынан солтүстікке баратын жолдар жабылады. Сол себептен көбі тауарды тек Тәжікстан арқылы тасиды.

Ауғанстанның Бадахшан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Некмахмад Назари 16 ақпанда көпірді ашу үшін сыртқы істер министрлері тарапынан келіссөз жүргенін айтады.

Ауған кәсіпкері Нұрали Саид көпір ашылғаннан кейін, төрт жүк көлігі Хохонға жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, бір жарым айдың ішінде дүкен сөрелері босап қалған.

XS
SM
MD
LG