Ссылки доступа

Өзбекстан 100 мыңдық банкнотты 25 ақпанда айналымға шығарады


Өзбекстанның Орталық банкі өзінің Telegram-арнасында 100 мың сумдық жаңа банкнотты айналымға 25 ақпанда шығаратынын хабарлады. Жаңа ақшаға зағиптарға арналған бүдір салынған.

Банк мәліметі бойынша, 100 мың сумдық ақша өзбек ғалымы Мирзо Ұлықбек пен оның астрономиядағы жетістіктеріне арналған.

Банкноттың басты бетінің сол жағында Ұлықбек ескерткішінің суреті басылған. Ақшаның сол шақ шетінде зағиптар оқи алатын бүдір белгісі басылған.

Еске салайық, 15 ақпанда банк жаңа ақшаны Олий Мажлис сенаты мақұлдағанын хабарлады. Бірнеше күннен соң Орталық банктегі дереккөз ұлттық валюта басатын екі машина істен шыққаны туралы айтқан.

XS
SM
MD
LG