Ссылки доступа

Неміс сарапшылары "Түркімен әуе жолын" халықаралық деңгейге көтеруге көмектеседі


Самолет Туркменских авиалиний («Туркменховаёллары»)
Самолет Туркменских авиалиний («Туркменховаёллары»)

Түркімен ұлттық "Туркменховаёллары" әуе компаниясы немістің "Lufthansa Consulting" компаниясынан әуе қауіпсіздігінің халықаралық стантарттарын меңгеруге көмектесуін сұрады.

Бұл туралы аталған екі компания 13 ақпанда білескен мәлімдеме таратты.

"Жақында әуе компаниясы EASA талаптарын орындауға қатысты қиыншылықтарға тап болды. Компания бұл мәселені тезірек шешуді қалайды, сол себепті неміс әуе компаниясының сарапшыларының көмегіне жүгінеді" делінген мәлімдемеде.

4 ақпанда EASA "Туркменховаёллары" компаниясын қара тізімге енгізіп, оның ұшақтарын ЕО елдеріне ұшуға тыйым салды.

"Туркменховаёллары" компаниясының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, әуе компаниясының ұшақтары ел ішінде күніне 5000 жолаушы тасиды. Ал бір жылда компания жергілікті және халықаралық рейстермен шамамен 3 миллион адамға қызмет көрсетеді.

XS
SM
MD
LG