Ссылки доступа

Өзбекстанда міндетті неке шартын енгізуді ұсынды


Наманган облыстық әкімшілігі елдің Отбасы кодексіне жас жұбайлар арасында міндетті неке шартын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Өзбекстанның әділет министрлігі Telegram-арнасында хабарлады.

Ұсыныста неке шартына отырмағандардың некесін тіркемеу керектігі айтылған.

Бұған дейін "Оила" отбасы институтының қызметкері Гулнора Ишанханова Өзбекстаның Отбасы кодексін қайта қарау керектігі туралы мәлімдеген. Оның пікірінше, неке шартын енгізу арқылы отсасындағы қарым-қатынасқа үшінші тараптың килігуіне жол бермеуге, ажырасқан уақытта мүлікті бөлу, балалардың кімде қалатынына қатысты дауды реттеуге болады.

Sputnik Өзбекстан интернет басылымы жүргізген сауалнамада респондеттердің 41,5 пайызы міндетті неке шартын енгізуді қолдаған.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Өзбекстанда тіркелен 311,4 мың некенің 219-ы ғана неке шартына отырған.

XS
SM
MD
LG