Ссылки доступа

Иран: Тегеран Тәжікстанға туысқан ел ретінде қарайды


Бахрам Касеми

Иран Тәжікстанға туысқан ел ретінде қарайды. Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Бахрам Касеми 16 ақпанда Тегерандағы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

"Тарих, география, өткеніміз бен болашағымыз, бұған қоса екі арасындағы байланыстар әріптестікті арттыру қажеттігін меңзейді" деп мәлімдеді парсы дипломаты. Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин осы жиында 2019 жыл бауырлас халықтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту жылы болатынын жариялады.

Бахрам Касемидің айтуынша, Тегеран тәжік үкіметіне қарсы шыққан топтарға ешқашан қолдау көрсеткен емес. "Біз Тәжікстанның әрдайым қауіпсіз, тұрақты және дамыған ел болғанын қалаймыз", - деді ол.

Тәжікстан-Иран қарым-қатынасының салқын тартқанына бірнеше жыл болды. 2015 жылы желтоқсанда Тегеран халықаралық конференцияға Тәжікстанда тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мұхиддин Кабириді шақырған. Ол Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездескен. Одан соң Тәжікстан Иран тауарларының импортына шектеу қоя бастады. Душанбе бұны тауарлардың сапасының төмендігімен түсіндірді.

XS
SM
MD
LG