Қызмет мәліметі бойынша, қымбат бұйымдар Жалал-Абадтағы Оталық әмбебап дүкеннен ұрланған. Шекарашылар бес күдіктіні қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы "Маданият" шекара бекетінен өту кезінде ұстаған.
"Тексеру кезінде қолды болған алтын бұйымдар табылды. Күдіктілер Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Жалал-Абад облысындағы қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.