Ссылки доступа

Көп балалы аналар мәселесінің шешімі бар ма? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Алматыда алты жыл қызын қорлап келген анаға алты жыл түрме жазасын кесті. (видео Директ)

- "Халыққа жағдай жасаса әкімдікті жағаламас едік". Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігіне бір топ көп балалы ана барып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы, мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесін айтты. (видео)

- Жастарға төмен бағамен жалға пәтер беріледі. Астана, Алматы және Шымкент қаласында жұмыс істейтін жастар қолжетімді бағамен пәтер жалдау мүмкіндігіне ие болмақ. Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жаңа баспана алу бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. (видео)

- Көп балалы аналар мәселесінің шешімі бар ма? Көп балалы аналар мәселесі әр жерде талқыланып жатыр. Аналар талабына қатысты мәжіліс депутаттары не дейді? (видео)

- Тәжік милиционерлерін кітапханаға барып, оқыған кітаптары туралы есеп беруге міндеттеді. (видео Директ)

- Human Rights Watch Гадоев тағдырына алаңдаушылық білдірді. Тәжік билігі оппозициядағы саясаткер Шарофиддин Гадоев елге өз еркімен оралды деп хабарлаған. (видео Тәжікстан)

- Жалал-Абадта шеберлер қарапайым автокөліктен электромобиль жасайды.(видео Қырғызстан)

- Көп балалы аналармен кездесуге әкім келмеді. Ақпанның 16-сы күні Шымкентте шамамен 300-ге жуық ана қала әкімімен кездесу үшін жергілікті әкімдік ғимаратына жиналды. Бірақ кездесуге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келмеген. (видео)

- Аналар талабы қайтсе орындалады? AzattyqLIVE хабарында көп балалы аналардың әлеуметтік талаптары туралы талқыланды. Алматыдағы студия сарапшысы – құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова. (видео)

- Ауғанстаннан совет әскерінің кетуі. Тура отыз жыл бұрын, 1989 жылы 15 ақпанда cовет әскері Ауғанстаннан кетті. Совет күштері марксистік режимді қолдау мақсатында Ауғанстанға 1979 жылдың соңында кіргізілген. Ресми мәлімет бойынша, СССР Ауғанстандағы соғыс барысында 14 мыңнан аса азаматынан айырылды. (видео)

- Астанадағы көп балалы аналар наразылығы. (фотокөрме)

- Астанада 45 мың отбасы баспана кезегінде тұр. Ақпанның 15-і күні Астанада жүздеген әйел қала билігімен кездесуге келді. Олар әкім орынбасарын тыңдамай, Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алдарына шыққанын талап етіп тұрып алды. (видео)

- "Пара алуды тоқтатыңыздаршы". Шымкентте әкімдердің есеп беру кездесуіне келген көп балалы әйелдер жәрдемақы және жемқорлық мәселесін қозғады. Әкім наурыздан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретінін айтты.​ (видео)

- "Журналистердің дені аккредитация ала алмайды": заңгер министр Абаевтың жарлығына пікір білдірді. (видео Настоящее время)

- Махаббатқа толы күн. 14 ақпанда әлемнің көптеген елінде Әулия Валентина күні атап өтіледі. Бішкекте де соңғы жылдары бұл күн айтулы мерекеге айналды. (фотокөрме)

- Сегіз балалы отбасы мардымсыз жәрдемақы алады. (видео)

- "60 мың теңге айлық кімге жетеді?". Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жобасына қатысқан жастармен кездесіп, өзінің жұпыны балалық шағы мен саясатқа кездейсоқ келгенін айтты. (видео)

- Бір баланы бағуға қанша қаржы қажет? (видео)

- Қазақстан жойқын қарусыз ел атанған күн. (фотокөрме)

- Қырғызстанда ана мен екі бала тірідей өртеніп кетті. (видео Настоящее время)​

- Суық мектеп рұқсат етілмеген пеш қолдануға мәжбүр. (видео)

- Аналар талабының орындалуына кепілдік бар ма? Көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайды жақсартуға қатысты талабы орындала ма? Мәжіліс депутаттарының пікірі (видео)

- Көмекке мұқтаж жандардың әлеуметтік картасын жасауды ұсынды. Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға көмектесетін арнайы жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының міндетін депутаттар талқылады. (видео)

- Азия 360: Қаракөл – қырғыз Швейцариясы. (видео Настоящее время)​

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG