Ссылки доступа

Бішкекте қызылша деген күдікпен 23 адам ауруханаға жатқызылды


Бішкекте соңғы екі күн қызылша ауруына шалдықты деген күдікпен 23 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл жөнінде Республикалық инфекциялық аурухана бас дәрігері Гүлжігіт Алиев мәлімдеді.

«Өткен сенбі және жексенбі күні медициналық мекемелерге 31 адам түскен. Біз олардың бәрін тексеріп, 23-ін ауруханаға жатқыздық. Қазір ауруханада қызылшадан емделіп 58 адам жатыр. Олардың тең жартысы екпе алмаған екі жасқа дейінгі сәбилер», - деді Алиев.

Ал қалғаны екпе алмаған ересектер.

2018 жылдың қазан айында Бішкекте қызылша кеселі асқынып, алты айлық сәби көз жұмған. Мамандардың айтуынша, ата-анасы екпе салдырудан бас тартқан.

Былтыр Еуропада қызылша індеті 40 адамды өмірден алып кеткен.

XS
SM
MD
LG