Ссылки доступа

Тәжікстанда құрт ауруын емдейтін шипажайдың орнына балабақша салмақшы (видео)


Восей ауданындағы құрт ауруымен ауырған балаларды емдеген шипажай енді балабақшаға айналмақ.

Совет кезінде Тәжікстандағы бұл жалғыз шипажайда жүздеген бала емделген. Бірақ азаматтық соғыс жылдары мекеменің мүлкі талан-таражға салынып, ғимараттың жартысы бұзылған.

Аудан әкімі Мусо Гафурзода айтқандай, аймақтағы екі ірі қыстақта балабақша жоқ. Екі апта бұрын жергілікті билік денсаулық сақтау министрлігіне өтініш жасап, шипажайдың орнына балабақша салуды сұраған:

– Душанбеден келген комиссия рұқсатын берді, осыдан кейін біз 200 орынға лайықталған балабақша құрылысының жоспарын сыздық, – деді ол.

Бірақ шипажайда көп жыл жұмыс істеген Нұрахмад Гоибов аталған жобаның қауіпті екенін айтады. Оның сөзінше, шипажайдың орнында құрт індетінің ошағы қалуы мүмкін.

Как детский санаторий превратился в страшное место?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

Тәжікстан оңтүстігіндегі Восей ауданында бірнеше жыл бұрын құрт ауруы нағыз індетке айналған. Қарагач қышлағында бұл індеттен көз жұмғандар өте көп болғандықтан, аймақты "Өлім жазығы" деп те атаған екен. 380 адам тұрған ауылда құрт ауруымен ауырмаған отбасын табу өте қиын.

XS
SM
MD
LG