Ссылки доступа

Ашхабад полициясы әйелдердің жүргізуші куәлігін жаппай алып жатыр


Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, Ашхабадта полиция әйел жүргізушілерді тоқтатып, дәйексіз себептермен жүргізуші куәлігін алып қойып жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, 18 ақпанда жүргізуші әйелді тоқтатқан полиция өкілі көлігінде “жол дәрі құтысы" талапқа жауап бермей тұрғанын, ішінде анальгин және димедрол жоқ екенін айтып, жүргізушілік куәлігін алып қойған.

Азаттықтың түркімен қызметіне құпиялықты сақтауын сұрап сұқбат берген полиция қызметкері “жоғары жақтағылардың бұйрығы бойынша, көшелерде әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған" деді.

​“Түркіменстан хроникасы” басылымы хабарлағандай, 18 ақпанда айыппұл төлеу тұрағына 90-120-дай көлік жеткізілген. Олардың бәрі әйелдердің көлігі.

Мәліметке қарағанда, осыған дейін Ашхабадта құқық қорғау органдарында істейтін әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG