Ссылки доступа

Алматыда қызына алты жыл бойы қорлық көрсеткен әйел алты жылға сотталды (видео)


В Алма-Ате дали шесть лет колонии матери, которая шесть лет издевалась над дочерью
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

18 ақпанда Алматы соты қызына қорлық көрсетіп, алты жыл бойы сыртқы шығармай қамап ұстаған Анна Ивановаға үкім шығарды. Ол алты жылға еркінен айырылды.

Сот айыпталушыны қыздың денсаулығына ауыр зиян келтірген, аналық міндетін атқарған емес деп тапты.

Бұл оқиғаны қазақстандықтар алғаш рет 2011 жылы Диана жансақтау бөліміне түскенде білген. Ол кезде қыздың әжесі таяғымен өлімші етіп ұрғаны айтылған. Осыдан кейін әжесіне Дианамен сөйлесуге тыйым салып, оны Ресейге депортациялаған.

Бұл оқиғадан кейін қыз мектепке бармай қалған. Жәбірленуші сотта анасынан қорлық көргенін, еденде ұйықтап келгенін, үйден шықпай қамауда болғанын айтып берген. Қыз сонымен бірге анасының құлағын кемпірауызбен кескенін, тістерін балтамен ұрып, сындырғанын да растады.

Анна кінәсін жартылай мойнына алып, қызын ашуландырған кезде ғана жазалағанын айтқан.

Диана қазір анасының құрбысының үйінде тұрып жатыр.

Сот Алматыдағы қамқор ұйымдарының және балалар полициясының қызметін тексеру бойынша да тоқтам шығарды. Онда қыз мектепке денесі көгала болып келіп жүргенде де, ешкім тиісті шара қолданбағаны айтылған.

XS
SM
MD
LG