Ссылки доступа

Cotton Campaign өзбек мақтасына бойкотты қалдыруды шешті


Мақта саласында мәжбүрлеп жұмыс істетуге қарсы Cotton Campaign халықаралық кампаниясы Өзбекстан үкіметі делегациясымен кездескеннен кейін, өзбек мақтасына деген бойкотты сақтап қалуды шешкен.

Cotton Campaign өкілдері ақпан айының басында Вашингтонда Өзбекстанның премьер-министрінің орынбасары Танзила Нарбаевамен, еңбек министрі Шерзод Кубиевпен "Өзтекистилсаноат" кәсіпорнының басқарма басшысы Ильхом Хайдаровпен кездескен.

Cotton Campaign сайтында хабарланғандай, келіссөз кезінде құқық қорғаушылар Өзбекстанда жасалынып жатқан шараларды жоғары бағалаған. Бірақ соған қарамастан мәжбүрлеп жұмыс істетуді толық тоқтатпағаны айтылған.

Ондаған құқық қорғаушы ұйымдар біріккен Cotton Campaign халықаралық коалициясы 2010 жылы Өзбекстан мақтасына бойкот жариялаған. Оған Өзбекстанда балаларды және ересек адамдарды мақта теруге мәжбүрейтіні себеп болған.
Бойкотқа Nike, Zara, GAP, Levi's, H & M, UNIQLO секілді әлемге танымал брендтер қосылған.

XS
SM
MD
LG