Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" тобының дикторы ұсталды


Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бейнебаяндарын ағылшын тілінде дауыстап жүрген Канада азаматы ұсталған. Бұл жөнінде The New York Times басылымы жазды. Ер адам қаңтар айында ұсталған. Ол жөнінде енді белгілі болған.

Газеттің мәліметі бойынша, диктордың аты Мохаммед Халифа. 35 жаста. Халифа Сауд Арабияда туылып, балалық шағында Торонтоға көшіп барған. Болашақ жиһадшы компьютерлік технология бойынша білім алып, IT саласында жұмыс істеген.

Тергеу кезінде Халифа алты жыл бұрын "әл-Каида" террористік ұйымының лекцияларын тыңдауды бастағанын айтқан. Кейін Сирияға барып, ИМ қатарына қосылған. Бастапқыда ол ұйымның аудармашысы болған. Кейін диктор болуын сұраған.

Қамауға алынарынан бірнеше бұрын Халифа бейнебаяндарды ағылшынша аударуды тоқтатып, ИМ қатарында соғыса бастаған. Тергеу кезінде ол ештеңеге өкінбейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG