Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кино әртісін Ташкентке оның жанкүйерлері шақырған. Rusturkey.com порталының мәліметіне қарағанда, Озчивит Өзбекстан астанасына келіп, 2,5 сағатқа созылған банкетке қатысқаны үшін 379 мың доллар алған.
Ол өзбек режиссерлерімен жаңа сериалға түсу шарттарын талқылап, жас әртістерге шеберлік сабағын өткізген.
Бурак Озчивит Ташкенттегі отырыста түсірілген суреттер мен видеоларды әлеуметтік желілерде жариялады.
Танымал әртіс "Ғажайып ғасыр", "Қара махаббат", "Шымшық - сайрайтын кішкентай құс" және басқа да фильмдерге түскен.