Ссылки доступа

Бішкек ЖЭЦ-іне қатысты іс бойынша қырғыз президентінің бауырын сотқа шақыртады


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковтың адвокаты Нұрбек Токтакунов парламент депутаты Асылбек Жээнбековті Бішкек ЖЭЦ-іне қатысты іс бойынша сотқа шақыртуы мүмкін. Бұл туралы ол "Азаттыкқа" өзі хабарлады.

"Келісімді мақұлдаған және заңды қабылдаған парламент. Сол себепті депутаттарды сотта сұрау керек. Мен Асылбек Жээнбековті сотқа шақыртамын", - деп мәлімдеді Токтакунов.

Дүйсенбі, 18 ақпанда Бішкектің Свердлов аудандық сотында ЖЭЦ-ті модернизациялау кезінде ақша ұрлануына байланысты іс бойынша сот отырысы басталды. Сот жабық өтті.

Депутат Асылбек Жээнбеков бұған дейін парламенттің жауапкершілігі туралы сұраққа жауап берген. Ол депутаттардың келісімді үкімет сөзіне сеніп мақұлдағанын мәлімдеген.

Қылмыстық іс бойынша бірқатар шенеунікке, соның ішінде экс-премьер-министр мен басқа да тұлғаларға айып тағылған.

XS
SM
MD
LG