Ссылки доступа

Тәжікстанда билік басындағы партия мүшелерінің саны 500 мыңға жақындады


Фото с заседания НДПТ
Фото с заседания НДПТ

Тәжік президенті Эмомали Рахмон төрағалық ететін Тәжікстан халықтық демократиялық партиясы мүшелерінің саны жарты миллионға жеткен.

Соңғы мәлімет партияның Орталық атқару комитетінің алқа отырысында жарияланды. Оған мемлекет басшысы да қатысты. Билік басындағы партия таратқан мәлімет бойынша, қазір саяси ұйымның 460 мың мүшесі бар.

Тәжікстанда Халықтық демократиялық партиядан өзге тағы алты партия бар: Аграрлық, Демократиялық, Коммунистік, Экономикалық реформалар партиясы және Социалистік партия. Олардың арасында ең ірісі - Коммунистік партияның 35 мың мүшесі бар.

Вахдат ауданындағы мұғалім билік басындағы партияға мүше екенін айтты, өйткені мектеп директоры барлық мұғалімге партияға кіру туралы тапсырма берген. "Ол білім басқармасынан бұйрық келгенін, барлығымыз президент партиясына кіруге тиісті екенімізді айтты", - деді ұстаз.

XS
SM
MD
LG