Ссылки доступа

Песков: Кремль Калви ісін жіті бақылап отыр


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Кремль Ресейде аса ірі алаяқтық жасады деген айыппен ұсталған танымал америкалық инвестордың ісін жіті бақылап отыр.

18 ақпанда журналистермен сөйлескен Песковтың айтуынша, Baring Vostok инвестициялық компаниясының басшысы Майкл Калвидің ұсталуы мен Ресей-АҚШ қарым-қатынасы арасында ешқандай байланыс жоқ.

"Ресейдің басқа мемлекеттермен қатанысының жағдайы шетел инвесторларының кәсіби қызметіне ешқандай әсер етпейді", - деді Песков.

Мәскеудің Басман соты сенбі, 16 ақпанда Baring Vostok қорының негізін қалаушы Майкл Калвиді қамауға алу туралы шешім шығарды. Қор бірнеше елде, соның ішінде Қазақстанда да ондаған жобаға инвестиция салған. Baring Vostok қоры - қазақстандық Kaspi Bank коммерциялық банкінің жанама қожайыны.

XS
SM
MD
LG