Ссылки доступа

Қырғыз депутатының "Білім саласының үздігі" атағын қалай алғанын тексермек


Қырғызстандық заңгер Қайрат Осмоналиев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына депутат Тазабек Икрамовтың "Білім саласының үздігі" атағын қалай алғанын тексеруді сұраған.

Осмоналиев депутаттың бұл атақты алуы заңсыз деп есептейді.

Осыған дейін педагогикалық тәжірибесі жоқ депутат Тазабек Икрамовқа "Білім саласының үздігі" атағын беру сынға ұшыраған. Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Жапарқұл Ташиев Икрамовтың бұл атаққа лайық екенін, мектептерге спорт залын салып бергенін айтқан. "Бұл адам бізбен тығыз байланыста жұмыс істейді. Заң жобасын әзірлеуде белсенді түрде көмектеседі. Мұндай азаматтарға алғыс ретінде, атақ беріледі", - деді Ташиев.

Қырғызстанның білім және ғылым министрлігінің "Білім саласының үздігі" атағын алу ережесіне сәйкес, білім жүйесінде үздіксіз 20 жыл жұмыс істеген азаматқа беріледі деген. Тазабек Икрамов Жалал-Абад облысындағы Қырғыз мемлекеттік институтында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып екі жыл жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG