Ссылки доступа

Ашхабадта азық-түлік қымбаттады


Түркіменстан орталығында азық-түлік үшін үкімет белгілеген нарық өзгермегенімен, іс жүзінде тауар бағалары өскен.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер қымбаттаған.

Жуырда үкімет белгілеген баға бойынша, балықтың бір келісі 12 манат. Бірақ базарда 30-65 манат тұрады.

Ашхабад билігінің ұсынған бағасы бойынша, тандыр нанның бағасы 1 манат деп бекітілген. Бірақ базарда 500 граммдық тоқаштар 3 манат, сүтке иленген нан – 5 манат тұрады.

2018 жылы Түркіменстанда құс етінің бағасы қымбаттап, жұмыртқа тапшылығы байқалған соң, базар сөрелерін полицияның өзі қадағалауына алған.

XS
SM
MD
LG