Ссылки доступа

Ресей думасы әскерилерге смартфон ұстап, әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды


Ресей мемлекеттік думасы әскерилерге қызмет барысында телефон ұстауға және кез келген ақпаратты басу құрылғыларын пайдалануға, интернет қолдануға тыйым салу жөніндегі заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады.

Қарапайым, фотокамерасы жоқ телефондарға тыйым салынбаған.

Әскерилерге журналистерге, туыстарына қызметінің ерекшелігі туралы ақпарат беруге болмайды.

Заң жобасын қолдап 408 депутат дауыс берді, ешбірі қарсы болмаған.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл армиядағы әлімжеттікті одан сайын өршітуі мүмкін.

  • Әлеуметтік желілердің арқасында журналистер, зерттеушілер мен сарапшылар Ресей әскерінің 2014 жылы Украинадағы Қырымды басып алуға араласқанын, 2015 жылдан бері Сирияда соғысып жатқанын білді.
  • Әлеуметтік желілердегі суреттер Ресейдің 2015 жылдың қыркүйегінде Сирияға ресми кірдік деп жариялағаннан бұрын операция жүргізгенін айғақтайды.
  • Әлеуметтік желідегі мәліметтер журналистерге ресейлік "Бук" комплексінің 2014 жылы Донбасс көгінде ұшып бара жатқан малайзиялық "Боинг" ұшағын атқанын, сонымен бірге Сириядағы бейбіт тұрғындар мекенін бомбалағанын анықтауға мүмкіндік берді.
  • Ресей тарихындағы ең ірі "Восток-2018" әскери жаттығуы өткеннен кейін, әлеуметтік желілерде оған қатысқан әскери қызметкерлер мен техникалардың суреттері жарияланған.
XS
SM
MD
LG