Ссылки доступа

Берни Сандерс АҚШ-тағы президент сайлауына қатысатынын жариялады


Берни Сандерс

Вермонт штатынан сайланған тәуелсіз сенатор Берни Сандерс 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын жариялады. Ол мұны 19 ақпанда жергілікті радиостанцияға берген сұқбатында айтқан. Кейін Сандерс Twitter арқылы мәлімдеді.

2016 жылы Сандерс Демократиялық партия атынан президенттік кампанияға қатысқан. Бірақ республикашыл Дональд Трамптан жеңілген Хиллари Клинтонға жолын берген.

Вермонт радиосына берген сұқбатында Сандерс ең бірінші кезекте Трампты ауыстырғысы келетінін айтқан. Сенатор қазіргі президентті елді ұятқа қалдырып отырған өтірікші деп атады. Ол мұнан бөлек 2016 жылы сайлау алдында жариялаған бағдарламасын жүзеге асырғысы келеді.

Сандерс денсаулық сақтау жүйесінің қол жетімді болуын, ең төменгі еңбек ақысын көтеруді және миграциялық саясатқа реформа жасауды ұсынған.

Сандерс Демократиялық партияның мүшесі емес, ол өзін тәуелсізбін деп есептейді.

АҚШ-та келесі президент сайлауы 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді.

Республикашылдар атынан праймеризге қазіргі президент Дональд Трамп, сонымен бірге Массачусетс губернаторы Уильям Уэлд қатысуы мүмкін. Ал демократтар атынан праймеризге Нью-Джерсиден сайланған сенатор Кори Букер, Конгрестегі Гавай өкілі Тулси Габбард, сонымен бірге Калифорниядан сайланған сенатор Камала Харрис пен Массачусетстен Элизабет Уоррен қатыспақ.

XS
SM
MD
LG