Ссылки доступа

Қырғызстанның жұмыс тобы Ташкентте Қамбарата ГЭС-і бойынша келіссөз жүргізеді


Жақында жұмыс тобы Қамбарата ГЭС-іне қатысты келіссөз жүргізу үшін Ташкентке барады. Бұл туралы Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Айтмамат Кадырбаев хабарлады.

Оның айтуынша, жұмыс тобы 2018 жылдың соңында құрылған. "Телефон арқылы алдын ала келіссөздер жүргізілді. Оған бірінші вице-премьер қатысты", - деді шенеунік.

Өзбекстан билігі президент Шавкат Мирзияев билікке келген 2017 жылы "Қамбарата-1" ГЭС-інің құрылысына қатысқысы келетінін мәлімдеді.

Су электр станциясын Нарын өзені бойында тұрғызу туралы жоба бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Станция құрылысын 1980-жылдардың аяғында бастау жоспарланған. Бірақ осы уақытқа дейін жоба жүзеге асырылмады.

"Қамбарата" ГЭС-іне қатысты соңғы келісім 2012 жылы Қырғызстан мен Ресей арасында жасалған. Бірақ 2016 жылы қырғыз тарапы бұл келісімнің күшін жойды.

XS
SM
MD
LG