Ссылки доступа

Эмомали Рахмон журналистермен кездеседі


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сәрсенбі күні Душанбеде журналистермен кездеседі. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі бұл туралы ештеңе хабарламады, бірақ бірақ кездесуге шақырылғандар баспасөз конференциясының 20 ақпанда түстен кейін болатынын айтты.

Кездесуге мемлекеттік ақпарат құралдарының журналистері мен бас редакторлары шақыртылған. Отырыста ресми басылымдарды қызметі талқыланады.

Тәжікстан президенті журналистермен соңғы мәрте 2012 жылы тәжік баспасының 100 жылдығында кездескен.

Журналистермен қысқа брифингтер ресми шаралар кезінде болып тұрады. Өткен жылы қазанда президент: "Өкінішке орай, барлық телеарналар билікті мақтаумен шұғылданады. Соған қарап бізде кемшілік жоқ деп ойлап қалуға болады", - деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG