Ссылки доступа

Президент Трамп АҚШ ғарыш әскерін құру туралы жарлыққа қол қойды


Дональд Трамп показывает подписанный указ о создании Космических войск
Дональд Трамп показывает подписанный указ о создании Космических войск

Президент Дональд Трамп сейсенбі күні АҚШ қарулы күштерінің жаңа түрі - Ғарыш әскерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа құрылым ғарышта ұлттық мүдделерді қорғаумен және агрессияға қарсы тұрумен айналысады.

Өткен аптада Әскери барлау агенттігі жариялаған баяндамада АҚШ-тың негізгі қарсыластаы болуы мүмкін елдер ретінде Ресей мен Қытай аталған. Агенттік мәліметі бойынша, Мәскеу мен Пекин АҚШ-пен ғарышта қарсылас болуға бағытталған бірқатар шаралар қабылдаған.

Пентагонның "Америка дауысы" тілшілерімен сөйлескен екі қызметкері Ғарыш әскерін құру туралы заң жобасы Конгреске алдағы дүйсенбі күні ұсынылады. Құжатта жаңа құрылымның алдын ала бюджеті 73 млн доллар екені көрсетілген.

Ғарыш әскері құрылатынын Трамп алғаш рет 2018 жылы наурызда хабарлаған. Ол қорғанысқа қаржы бөлуді көбейтуге уәде берген. Өткен жылдың маусым айында Трамп АҚШ ғарыш әскерін құру туралы тапсырма берді. "Американы қорғау үшін "ғарышта басым болу керек", деп мәлімдеді Трамп.

XS
SM
MD
LG