Ссылки доступа

Полиция Алматыда белсенділерді ұстау себебін түсіндірді


Алматы полиция департаменті қала әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиынына қатыспақ болған кейбір белсенділердің ұсталуына қатысты жауап берді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, "полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алған".

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада "Әкімнің есеп беру кездесуі алдында бірқатар тұлға шараны бұзуға тырысты. Құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескерткеніне қарамастан қоғамдық тәртіп бұзушылар шараны өткізуге кедергі келтіруін доғармады" деп жазылған.

Әзірбектің хабарлауынша, полицейлер белсенділерді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің ұсақ бұзақылық туралы жазылаған 434-бабы 1-тармағына сәйкес ұстаған. Полиция департаменті "жағдайды анықтап, заңнамада көрсетілген шараларды қабылдау үшін ұсталғандар бөлімшелерге жеткізілді" деп мәлімдеді.

Бұған дейін Азаттық қала әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиыны басталар тұста бірнеше белсендінің ұсталғанын хабарлаған. Оның ішінде "Көкжайлауды қорғайық!" қозғалысы белсендісі Андрей Бузыкин бар. Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев те өзінің ұсталғанын жазды. Белсенді Марат Тұрымбетов өзін полиция бөлімшеге әкетіп, кейін босатқанын хабарлады. Бір күн бұрын белсенділер Дильнар Инсенова мен Сахып Жаңабаеваға полицияның барғанын жазған.

XS
SM
MD
LG