Ссылки доступа

Тәжікстан оппозиционері өзінің өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан


“Раскаявшийся” в Таджикистане оппозиционер заранее записал видео о том, что его могут выкрасть
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:43 0:00

Тәжік оппозиционері Шарофиддин Гадоевтің жақтастары оның Нидерландтан (Осы елден Гадоев саяси баспана алған) Ресейге барар алдындағы мәлімдемесін жариялады.

Ресейде ол Қауіпсіздік кеңесінің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесу керек болған екен. Гадоев ресейлік құқық қорғау органдарымен байланысы болғанын, олар Мәскеуде қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтқан.

Бірақ осы сапардан кейін Гадоев Душанбеге тап болады. Бұл жөнінде тек 15 ақпанда белгілі болған. Тәжікстан билігі оппозиционердің өз еркімен оралғанын, "жасаған қылмысы үшін" өкінетінін жеткізген. Әлеуметтік желілерде Гадоевтің әріптестерін елге оралуға шақыратын видео үндеуі жарық көрді.

Ал Гадоевтың жақтастары оның Ресейге барар алдындағы түсірген видео мәлімдемесін жариялады. Ол бұл видеоны өзіне қастандық жасалған жағдайда жариялауын сұраған екен. Онда Гадоев өз еркімен еліне оралмайтынын айтқан.

"Осы сапарымда Тәжікстанның арнайы қызметі мені өлтіріп, не ұрлап әкетуі мүмкін деп қауіптенемін. Сол себептен де, егер Тәжікстанның мемлекеттік арналарында менің қатысуыммен үндеу шығатын болса, онда қысыммен жасалды деп есептеңіздер, Мен өз еркімен Тәжікстанға ешқашан бармаймын" – деген Гадоев бейнежазбада.

Гадоевқа саяси баспана берген Нидерланд билігі оппозиционердің аяқ астынан Тәжікстанға оралуын зерттей бастады. Human Rights Vision ұйымының құқық қорғаушысы Виктория Надеждина Нидерланд полициясы істі сыртқы істер министріне бергенін, ал олар Ресей СІМ-ге сұрау жібергенін айтты.

"Ресей тарапы Шарофиддин Гадоевтың Интерпол іздеуі бойынша ұсталғанын айтып отыр. Оған Тәжікстан және Қырғызстан тарапынан іздеу жарияланған. Онда Ресейге виза алар кезде, бұл дәйек неге анықталмады?" – деп күмән келтіреді Надеждина.

Адам ұрлау мәселесі бойынша Human Rights Vision Еуропарламентке мәлімет берген.

"Шарофиддин Гадоев Фархор ауданында ата-анасымен тұрып жатыр деген ақпарат тарады. Бірақ ол үй арнайы қызметтің күні-түні бақылауында. Бұл жағдай бізді алаңдатады", – дейді Надеждина.

XS
SM
MD
LG