Қырғызстан шекара қызметінің өкілі Гүлмира Бурубаева ұсталғандардың бәрі Өзбекстан азаматтары екенін айтты.
Ұрлық жасады деген күдіктінің бірі, Қашқадария облысының тұрғыны жанындағы әйелдердің ұрлыққа бармағанын айтады.
"Біз мұнда тауар алу үшін келгенбіз. Жолда зергерлік дүкенге соқтық. Ұрлықты тек мен жасадым, жанымдағы әйелдер ешнәрсе білмеді", - дейді күдіктінің бірі.
Ұсталғандардың бірі, 57 жастағы әйел мұғалім болып жұмыс істеген екен. Қазір зейнет жасында. Ол өзін не үшін ұстағанын түсінбейді. "Мен мұнда ұрлық жасау үшін келмедім. Өзімнің алтын бұйымдарым жетіп жатыр. Егер қажет болса, ақшамды, қымбат бұйымдарымды алыңдар, мені тек босатыңдар!", - дейді әйел.
Жалал-Абад қаласы милиция қызметінің басшысы Ұлан Омурзаков бейнекамерадан дүкенге ұрлық жасау сәті түсіп қалғанын, бес әйелдің де ұрлыққа қатысы барын айтты.
Жалал-Абад қалалық соты әйелдердің бәрін екі айға қамау туралы шешім шығарды.