Ссылки доступа

Атамбаевты сотқа берген азаматтардың арызы кері қайтарылды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты сотқа берген азаматтардың арызы кері қайтарылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Шу облысы Аламудун аудандық соты Хайдарали Халиковтың арызын талаптарға сәйкес келмейді деп кері қайтарған. Арыздың мазмұны мен формасы тиісті талаптарға сәйкес келмейтіні, сонымен бірге дәлелді құжаттары жоқ екені айтылған.

Жоғарғы сот өкілі шағым жазған азаматтар кемшіліктерді түзеп, қайта арызданса, заңға сәйкес, қабылдануы тиіс деп мәлімдеді.

19 ақпанда қырғыз азаматы Хайдарали Халиков экс-президент Алмазбек Атамбаевты сотқа берген. Ол өзінің арызында экс-президенттен және мемлекеттік тіркеу қызметінің бұрынғы басшысы Тайырбек Сарпашевтан төлқұжаттан "ұлты" деген бағанды алып тастағаны үшін 6 млн сом (86 мың доллар) моральдық өтемақы талап еткен.

XS
SM
MD
LG