Ссылки доступа

НАТО: Путиннің одақтастарына қауіп төндіретін мәлімдемесі өрескел


Ресей президентінің НАТО одақтастарына қарсы жасаған мәлімдемесі өрескел. Осылай деп әскери одақтың өкілі мәлімдеді.

Путин халыққа жолдауында Құрама Штаттардың орта және шағын қашықтықтағы зымырандарға тыйым салу жөніндегі келісімнен шығуына жауап ретінде Ресей зымыран жүйесін дамытады деп мәлімдеген. Ресей президенті тек ғана қарулануды мақсат етпейді, АҚШ және оның одақтасырының аумағына қарсы бағыттауды да көздейді деген.

НАТО Вашингтонның зымырандар туралы келіссөзден шығуына Ресей жауапты деп мәлімдеді. Солтүстікатлантикалық одақ Мәскеуді бірнеше рет келісімді сақтауға шақырған.

НАТО өкілі одақ қару шығарудан жарысып, жаңа ядролық қару жасауға әрекеттенбейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG