Бурак Озчивит 16 ақпанда Ташкентте "Olmazor city" жобасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Түрік әртісі осы жобаның "бет-бейнесі" атанды.
Жоба жарнамасында "Бурак Озчивитпен бірге Olmazor City жобасын мақтанышпен таныстыра аламыз!" делінген.
Түрік әртісінің осы жарнамаға түскені үшін қанша алғаны туралы мәлімет жоқ. Компания өкілі бұл жөнінде ақпарат бере алмайтынын айтты.
Түріктің Hürriyet басылымының хабарлауынша, өткен жылы Озчивит жарнамаға түскені үшін шамамен 3 миллион түрік лирін ($565 мың) алған.
18 ақпанда жергілікті баспасөз Озчивиттің Ташкентте олигархтардың әйелдерімен және кәсіпкер әйелдермен дастархандас болғаны туралы жазған. Түрік әртісі осы отырыс үшін 379 мың доллар алған деген хабар тараған.
34 жастағы Бурак Озчивит көпшілікке "Алтын ғасыр" сериалы арқылы танымал болды.