Ссылки доступа

Тәжікстанда тағы да доллар тапшы


Тәжікстандағы банк мекемелерінде доллар тапшы болуынан "қара базарда" америкалық валюта бағамының көтерілуіне кәсіпкерлер мен тұрғындар алаңдап отыр.

Биыл елде доллардың тапшылығы қатты сезілді. Республикадағы үш банк 20 ақпанда бір қолға 200 доллардан артық бермеу туралы шешім қабылдаған. Шетелден тауарды доллармен сатып алатын кәсіпкерлер қиындыққа тап болды.

Үш жыл бұрын, 2016 жылы Тәжікстандағы коммерциялық банктер мен шағын қаржы орталықтарында ғана валюта айырбасы жүретіні туралы шешім қабылданған. 20 ақпанда 100 долларды сатып алу – 943 сомони, сату – 944 сомони болды. Бірақ "қара базарда" америкалық жүздік 980 сомониден сатылып жатыр.

Жақында Тәжікстанның Ұлттық банкі елге 24 млн қолмақол доллар қажет екендігін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG