Ссылки доступа

Исаковтың адвокаты: арнайы қызмет маған күйе жаққысы келеді


Нурбек Токтакунов.
Нурбек Токтакунов.

Фейсбукте бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың адвокаты Нұрбек Токтакунов туралы видео тарады. Онда "Токтакунов 2010 жылы Ош оқиғасы кезінде милиция қызметкерін өлтіруге қатысқан, оның психикалық ауытқулары бар" делінген.

Адвокат өзін қаралауды көздейтін мұндай видеоны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті таратқан деп отыр. Елдегі азаматтық қоғам өкілдері "азаматтық жеке ісіне араласу арқылы оның ар-намысын таптағысы келгені үшін" билікті айыптады.

Екі минуттан сәл асатын видео Фейсбукте жарияланған. Онда адвокатқа ұсайтын бір адамның жеке өмірінен көріністер берілген.

"Бұны ҰҚМК жасаған. Сол арқылы олар маған тыныш отыр дегісі келеді. Менің жеке өміріме араласуға қандай құқықтары бар? Билік өзінің нағыз келбетін көрсетті", - деді адвокат.

Нұрбек Токтакунов - бұрынғы премьер-министр Сапара Исаковтың адвокаты. Саясаткерді Бішкек ТЭЦ-іне қатысты іс бойынша соттап жатыр.

Адвокат арнайы қызметтің үстінен шағымданбайтынын, өйткені елдегі сот жүйесіне сенбейтіндігін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG