Ссылки доступа

Қырғызстанда антикоррупциялық қызметтің жалған қызметкері ұсталды


20 ақпанда Қырғызстанның Талас облысы жол-эксплуатациялық басқармасын тексермек болған коррупцияға қарсы күрес қызметінің қызметкерімен деп таныстарған 1980 жылы туған ер азамат ұсталған. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

Олардың мәліметі бойынша, күдікті антикоррупциялық қызметтің қызметкері деген жалған куәлік жасатып, мемлекеттік мекемелерді тексеру жөніндегі үкімет бұйрығын қолдан жасатқан.

Күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG