Ссылки доступа

Түркіменстан тәжікстандық он жүргізушіні депортациялады (видео)


Түркіменстан билігі түркімен-өзбек шекарасына жақын Фароб станциясында көліктері тұрып қалған он тәжік жүргізушісіне айыпппұл салып, елінен шығарып жіберді.

Ақпанның басынан бері Тәжікстанға жүк таситын 40-тан астам жүк көлігі мен жүз вагон Түркіменстан аймағынан өте алмай тұр. Ашхабад белгісіз себептермен транзитті жапқан.

Саидали Худойбердыев атты жүргізушінің айтуынша, депортацияланған тәжікстандықтардың әрқайсысына 300 доллардан айыппұл салған. Бірақ олардың жүк көліктері Түркіменстан аумағында қалған. “Фароб станциясына Тәжікстанның Түркіменстандағы елшілігінің өкілдері келді. Бірақ дипломаттар бізбен кездеспеді”, – деді ол.

Десятки фур остаются на границе с Туркменистаном
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:42 0:00

Тәжікстан азаматтары Түркіменстанда бес күн тіркеусіз жүре алады. Одан кейін тіркелмесе, әрбір күн үшін 10 доллар, көлігіне 20 доллар айыппұл салады.

Былтыр тамыз айында да Ашхабад аумағы арқылы жүк көліктері мен вагондарды өткізбей қойған. Осыдан кейін жүк тасымалдаушылар иран-түркімен шекарасында бір айға дейін тұруға мәжбүр болған. Транзитті не үшін жапқанын, түркімен билігі түсіндірмеді. Тек қыркүйек айында ғана Ашхабад қауіпсіздік мақсатында транзитке тыйым салынды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG