Ссылки доступа

Мәскеуде исламшыл блогер ИМ-ге қатысы бар деп ұсталды


Алибек Мирзеханов
Алибек Мирзеханов

Мәскеудің Мещанск соты 21 ақпанда ислам дінін насихаттайтын блогер Алибек Мирзехановты террористік ұйымға адам тартумен айналысты деген күдікпен екі айға қамауға алынды.

Тергеу болжамына сәйкес, блогер 2014 жылы екі танысына "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына қосылып, Сирияға кетуге шақыратын видеоны көрсеткен. Таныстары тергеу кезінде Мирзехановтың аты-жөнін айтқан. Мирзехановтың ісі бойынша олар куәгер ретінде қатысып жатыр.

Бастапқыда Мирзеханов Мәскеудегі "Неолит" кафесінде жаппай төбелеске қатысты деген күдікпен ұсталған. Енді одан бұл айыпты алып тастаған.

  • 14 ақпанда Солтүстік Кавказдан шыққан отыз шақты жас Мәскеудің Печатники ауданындағы "Неолит" кафесінде төбелес ұйымдастырған. Олар кафеге бірнеше көлікпен келіп, кафе ішінде бүлік шығарып, келушілерді травматикалық қарумен атқан. БАҚ ақпараты бойынша, төбелеске себеп болған этникааралық кикілжің. Төрт адам жараланған. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған.
  • Үш тәулік өткеннен кейін Алибек Мирзехановтың ұсталғаны белгілі болды. Оның туған бауыры таңертең пәтерге жиырма шақты құқық қорғау органдарының өкілі кіріп, Алибекті ұстап алып кеткенін айтты. Пәтерде тінту жүргізген. Кейін туыстарына Мирзеханов бұзақылық ісі бойынша күдікке ілінгенін айтқан. Ал туыстары болса, Алибектің "Неолит" кафесіндегі төбелеске еш қатысы жоқ дейді. Олар блогерді құдалауының себебін 2012–2013 жылдары оны Дағыстанға ұрлап әкетуімен түсіндіреді. Осыдан кейін ол елден кетуге мәжбүр болған.
  • Алибек Мирзеханов Instagram желісінде танымал блогер, оның 120 мың жазылушысы бар.
XS
SM
MD
LG