Ссылки доступа

Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының орынбасары ұсталғаны туралы хабарланды


Ташкентте 21 ақпанда Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының орынбасары, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Баходыр Дехканов ұсталды деп daryo.uz өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл туралы uzmetronom.com интернет басылымы да дереккөздеріне сілтеме жасап хабаорлаған. Құқыққорғау органдарындағы дереккөздеріне сүйеніп ақпарат таратқан Gazeta.uz мәліметі бойынша, Баходыр Дехканов 21 ақпанда өз кабинетінде ұсталған.

18 ақпанда Centre1.com тәуелсіз үш дереккөзге сілтеме жасап, Баходыр Дехканов қызметінен алынғаны туралы хабарлаған.

2017 жылы мамырда Дехкановты Олий Мажлис Жоғарғы сот төрағасының орынбасары қызметіне бес жылға тағайындаған.

Декханов Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Ихтиер Абдуллаевтың құдасы екені айтылды.

Еске салайық, өткен аптада 53 жастағы Ихтиёр Абдуллаевқа қылмыстық іс қозғалған. 13 ақпанда сот оны тергеу кезінде бір қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG