Түркіменстанның коммерциялық банкі үйсіз жануарларға ақша жинай бастағанын 19 ақпанда мемлекеттік баспасөзде жариялады.
"Кәсіпкерлер мен басқа да еріктілерді игі іске үлес қосуға шақырамыз" делінген хабарламада.
Онда Түркіменстан кәсіпкерлер одағының телефондары мен банк айырбас есебі көрсетілген. Мекеме ол ақшаны қалай жұмсауды жоспарлағанын білу мүмкін болмады.
Жануарларға арналған "арнайы клиника" ұйымдастыруды биыл 16 ақпанда ел президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов тапсырған.