Ссылки доступа

Нидерланды: Тәжікстан билігі бізге Шарофиддин Гадоев ұсталғанын хабарлады


Шарофиддин Гадоев в Нидерландах. Архивное фото
Шарофиддин Гадоев в Нидерландах. Архивное фото

Нидерланды сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Тәжікстан билігі оппозициядағы саясаткер Шарофиддин Гадоев ұсталғанын Амстердамға хабарлаған.

15 ақпанда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Гадоев отанына өз еркімен оралды деп мәлімдеген. Дегенмен оппозициядағы Тәжікстан ұлттық альянсының мәліметіне қарағанда, Гадоевты біреулер Мәскеуге шақырдып, сол жерде тәжік арнайы қызметі Ресейдегі "жемқор шенеуніктердің" көмегімен ұстап әкеткен.

"Нидерланды сыртқы істер министрлігі Гадоевке көмектесу жолдарын іздестіріп жатыр", - делінген министрліктің баспасөз хатшысы Вилемен Вельдманның жазбаша жауабында.

Тәжікстан ішкі істер министрлігіндегі дереккөздің мәлімдеуінше, Шарофиддин Гадоев ұсталмаған. "Гадоевтің ісі рақымшылық жасау жөніндегі өтінішін жасалуына байланысты қарауға берілді. Оған бірнеше күн кетеді. Қазір Гадоев қамауда емес, бірақ ол белгіленген уақытта тісті органдарға әңгімелесуге баруы тиіс", - деді дереккөз.

Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, Шарофиддин Гадоев 2012 жылдан бері іздеуде болған. Оған жалған құжаттар дайындады, контрабанда жасады деген айыптар тағылған.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Гадоев Тәжікстанға өз еркімен келгенін, оны ешкім жәбірлемегенін мәлімдеген. Бұған қоса ол оппозициядағы басқа да әріптестеріне өзінен үлгі алуға шақырған.

​Шарофиддин Гадоев Нидерландыда тіркелген "Тәжікстанның дамуы және реформасы" қозғалысын басқарды. Ол тәжік билігін ашық сынады. Саясаткер бірнеше жыл бойы Нидерландыдағы Эйндховен қаласында тұрған.

XS
SM
MD
LG